Қостанай қаласында «Жанашыр бол» қоғамдық қоры ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырып жатқан «ҚР мемлекеттік рәміздерінің имиджін ілгерілету» жобасы аясында тыңдаулар өтті.
Қордың өкілі Жазгүл Тогжанованың айтуынша, жобаның мақсаты – қостанайлықтар, әсіресе жастар арасында отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер туралы білімге негізделген қоғамдық маңызы бар құндылықтарды қалыптастыру.
– Жоба аясында ҚР Мемлекеттік рәміздері күні, Қала күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні сияқты маңызды даталарға орай мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын флешмобтар мен акциялар ұйымдастырылады, – деді Жазгүл Тогжанова. – Сондай-ақ қаламыздың жұмыс істейтін жастары арасында зияткерлік ойындар мен Instagram желісіндегі «Наш Костанай» газетінің парақшасында онлайн байқаулар өткізу жоспарланып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің имиджін көтеру және жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Осы мақсатта флешмобтар, сайыстар, дөңгелек үстелдер, ашық дәрістер, онлайн байқаулар мен викториналар өткізу көзделген.
Мемлекеттік рәміздерді білу – әрбір азаматтың парызы. Өз елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеу – нағыз азаматтықтың белгісі. Сондықтан мұндай іс-шаралар жастардың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық рухты күшейтеді.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Нуржан СМАИЛОВ