Қостанай ауданында «Бастауларға жол» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында «Соғыс – менің отбасымның тағдырында» атты эссе байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім мен тарихи жадыны қалыптастыру, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында ел үшін күрескен ата-бабалардың ерлігін ұлықтау.
– Біздің мақсатымыз – балаларды тек әдеби тұрғыдан ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтармен тәрбиелеу. Бұл байқау арқылы оқушылар отбасылық тарихты зерттеп, ата-баба жолын жалғастырудың маңызын терең түсінді. Мұндай жобалар жастардың патриоттық сезімін нығайтады, – деп «Жанашыр бол» ҚҚ үйлестірушісі Ольга Горай шараның маңыздылығын атап өтті.
Эссе байқауына Қостанай ауданы мектептерінің 7–10-сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесінде үш оқушы жеңімпаз атанды. Олар Қостанай ауданы «Рыспай негізгі орта мектебі» КММ оқушысы Саяна Мұқаш, Қостанай ауданы білім бөлімінің Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Фариза Салпина, Тобыл қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы Альбина Дударева.
– Мен бұл эссені жаза отырып, арғы атамның майдандағы ерліктерін қайта еске алдым. Оның ерлігі мен үшін мақтаныш қана емес, болашаққа бағдар. Біз осындай тұлғалардың арқасында бейбіт өмір сүріп отырмыз, – дейді байқауға жеңімпаздарының бірі Альбина Дударева.
Жеңімпаздар орманға шығуға арналған туристік сыйлықтармен марапатталды. Оларды Қостанай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің және «Жанашыр бол» қорының өкілдерінен құралған комиссия анықтады. Іс-шара «Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша “Қостанай ауданының жастары үшін туған өлкенің тарихын және «Бастауларға жол» киелі орындарын зерделеу бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” аясында өтті.
Мақала соңында жеңімпаз оқушылардың эсселері ұсынылған.
Эссе “Помните! Через века, через года!”
Война…Сколько боли, страданий и мук скрыто в этом коротком слове. Кажется, что оно насквозь пропитано слезами матерей и всех тех, чьи родные и близкие не вернулись с фронта. Великая Отечественная война – драма каждой семьи и каждого человека. Боль и трагедия людей незабываемы даже через годы и расстояния.
На уроках казахского языка и литературы мы проходили темы героев Великой Отечественной войны и учитель поведала нам историю своего родного дяди Битанова Сеильбека. Я узнала, что воины и жители Казахстана совершали огромные героические поступки во имя Жизни на Земле. Поэтому и я хочу рассказать вам историю молодого парня из Костаная – Битанова Сеильбека, который в далёком 1942 году ушёл на фронт, пообещав родителям вернуться живым. Военный путь Битанова Сеильбека лежал через горящие и разрушенные врагом города и деревни советской державы и Европы, курсом на Берлин. Нужно с гордостью признать, что Сеильбеком был отважно пройден весь маршрут войны, он профессионально исполнял обязанности начальника химической военной службы. Преодолевая вражеские войска, наш земляк геройски сражался с захватчиками, о чём свидетельствуют, хранящиеся в российских архивах наградные листки и благодарности от командования, присланные военными начальниками в отчий дом. Из этих источников, я узнала, что старший лейтенант Битанов находился в первом строю при взятии городов Ковель и Прага, предместья Варшавы, и на важных опорных пункта обороны немцев на восточном берегу Вислы. За мужество и героизм, за воодушевления солдат Сеильбек был отмечен Благодарностью Верховного главнокомандующего. Война продолжалась, однако чем дальше продвигались наши войска, тем сильнее нарастало сопротивление противника. Всё ближе становятся европейские границы, уже вдохновлённые советские войска входят в ворота Берлина, казалось бы, конец проклятой войне, но судьба распорядилась иначе…Во время Берлинской операции офицер Битанов Сеильбек погибает от вражеского снаряда. Так, в архивных документах ЦГА РФ записано «погиб 3 мая 1945года в боях за Берлин, «похоронен в городе Штаакен, 20 км западнее Берлина, Бранденбургская равнина». (Книга Памяти т.3).
В родные края была отправлена похоронка. Безутешным было горе отца Сеильбека.
В день 9 мая 1945 года наступила долгожданная Победа, это действительно был «праздник со слезами на глазах», всех людей переполняла безмерная радость и ликование счастья! Все, от ребятишек до взрослых радовались Победе, самой великой победе добра над злом!
А в далёком Казахстане продолжали бережно хранить документы военных лет. Спустя некоторое время, сёстры решили начать поиски военной истории брата Сеильбека. Это была вереница переписок, запросов, обращений во все концы: Россия, Германия, МИД РК, Служба Красного Креста и Красного полумесяца, приёмная Путина. Огромное содействие оказало открытие военных архивов и снятие грифа секретности, благодаря которым приходит ошеломляющее известие: «Битанов Сеильбек захоронен на кладбище Шёнхольцер Хайде, обозначен за списком №4» и указано «на данном кладбище нет мемориальной доски с его именем. Из этого же письма, стало известным, что наш герой Битанов Сеильбек был удостоен награды «Орден Красной Звезды» (сайт «Память народа»).
Теперь снова обеспокоились родные воина, не должен человек покоиться без имени! Тогда они принимают решение продолжать вести переговоры об установлении памятной плиты.
Дальнейшие запросы привели к тому, что в мае 2019 года было получено письмо от Чрезвычайного и Полномочного посла в Берлине Нусупова Болата, о положительном решении запроса, а немецкая сторона приглашала родных на официальную церемонию открытия мемориальной доски – Битанову Сеильбеку. Таким образом, понадобилось целых 30 лет поиска и за ними томительные ожидания.
О поездке в Берлин мне поведала учитель казахского языка и литературы Темирбекова Асель Ирмековна, которая с гордостью рассказала, как ее брат и тетя сьездили на могилу их дяди Битанова Сеильбека.
Нельзя без волнений передать их впечатления от поездки, как их радушно принимали сотрудники казахстанского Посольства. Незабываемым стал приём Нечаева Сергея Юрьевича, в Российском Посольстве Берлина. Просматривая фото и видеоматериалы, заочно путешествуя по территории Панков парка, посетив мемориальный комплекс Шёнхольцер Хайде, я вдруг воочию представила мощь и натиск штурма Берлина. Вот как описывал события военный корреспондент: «Вся площадь изрыта окопами, траншеями, воронками от бомб, завалена мертвыми деревьями и очень похожа на дровяной склад. Брошенные пушки, окрашенные, как зебры, окружают площадь. Большинство солдат, которые вчера во второй половине дня по приказу генерала артиллерии Вейдлинга прекратили огонь артобстрелов и бомбардировок, производили впечатление полубезумных. Растрепанные, заросшие щетиной и грязные, они выходили с белыми повязками на рукаве из подвалов, бомбоубежищ, подземных станций метро, вылезали из канализационных люков и руин домов. Некоторые швыряли свое оружие на землю с озлобленным, свирепым выражением лица».
Моё внимание привлекли исторические факты мемориала, где покоятся останки 13200 советских воинов из общего числа 80000, павших при взятии Берлина. Здесь установлены бронзовые плиты с именами, званиями и годами рождения, число известных имен героев- 3180,теперь 3181!
Сегодняшняя Германия – развитая страна, с рыночной экономикой и высоким уровнем жизни населения. О трагическом периоде истории напоминают лишь архитектурные сооружения: бункер Гитлера, останки Берлинской стены, величественный Рейхстаг, Дворец Цецилиенхоф, где проходила Потсдамская конференция, Карлсхорст- место подписания акта капитуляции фашистской Германии.
Время неумолимо, наступает 80 лет со дня победы советского народа в Великой Отечественной войне. Жертвы войны – миллионы погибших…Разве можно забыть все это? Они боролись за нас, за нашу свободу и мирное небо над головой, отстаивали честь нашей страны, и мы должны быть благодарны им за это. Подвиги народной войны незабываемы и вечны.
Прошли года, сменились поколения, и единственное, что нам осталось – помнить. Помнить о том, какой ценой была достигнута великая победа, какой ценой был сохранён мир. Нашему поколению стоит гордиться военным и трудовым подвигом казахстанского народа!
Об этом правдиво сказал Бауыржан Момышулы: «Тот, кто не уважает свою нацию и не гордится ею, тот безусловный подлец и бродяга»
Поэтому священный долг нашей памяти, великий завет Победы – передать грядущим поколениям всю правду о войне и ее героях.
Альбина Дударева, 7 “Г” КЛАСС школы №2 г. Тобыла
“Қостанай ауданы білім бөлімінің
Қадыр Кәрімов атындағы жалпы
білім беретін мектебі” КММ
8 – сынып оқушысы
Салпина Фариза
Ер есімі – ел есінде
Соғыс! Суық та қатал, құлаққа жағымсыз естілетін сөз. Дегенмен ата – бабаларымыз қиын -қыстау кезеңде өздерінің күш – қайратын, жігерін, өз Отанына деген сүйіспеншілігін, елдің басына түскен үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғыны жеңуге бел байлады.
ХХ ғасырдың алапат шайқсы – екінші дүниежүзілік соғыста қазақ жауынгерлері ерекше ерлігімен көзге түсті.Олар майдан даласында жанқиярлықпен шайқасып, елімізге Ұлы жеңісті әкелді.Жауынгерлік ерліктері үшін бес жүздей адам Кеңес Одағының Батыры, жүзден астам адам “Даңқ” орденінің иегері атанды. Сол сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен батырлардың есімдері атала қалса, көз алдыма жауына қыран құстай шүйлігіп, ұшақпен көкте қалықтай жүріп, жауына оқ боратқан Талғат Бигелдинов, “Шегінетін жер жоқ, артымызда Москва!”- деп ұрандап, тайсалмай жауға оқ боратқан 28 панфиловшылар мен Бауыржан Момышұлы, жерлестеріміз Сұлтан Баймағамбетов, Леонид Беда, Иван Павлов, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаев, шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк апаларымыз елестейді.
Иа, жеңіс оңайлықпен келмеді. Аққан қан, төккен тер зая кетпей, ерлеріміздің ерлігі оңынан болды. Сондай соғыс ардагерінің бірі – Қадыр Кәрімұлы Кәрімов. Красный Октябрь орта мектебі деп аталатын мектебімізге 2017 жылы жаңа атау берілді. Мектебімізге бұл атаудың берілуінің өз тарихы бар.
Қадыр Кәрімұлы Кәрімов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, Архангельск қаласындағы 88 атқыштар дивизиясының 611атқыштар полкінде пулеметчик болады. Ұлы Отан соғысы басталғанда оны Великий Устюг қаласындағы қысқа мерзімді офицерлік курсқа жібереді.Сол курсты аяқтаған соң Қадыр Кәрімұлы 1941 жылдың қазанынан 1942 жылдың қаңтарына дейін 296 полктың атқыштар взводының командирі болады. Қадыр ата бес жыл ішінде талай рет шабуылға шығып, жауға тойтарыс береді, біраз жолдастарынан да айырылды. Кезекті шабуылда көрсеткен ерлігі үшін кеудесіне “Қызыл Жұлдыз” орденін тақты.1944 жылы Карель майданына қатысып, осы майданның 122 атқыштар дивизиясымен Румыния, Венгрияны жаудан азат етті.Сонымен қатар Қадыр Кәрімұлы Батыс Украин майданы 420 атқыштар полкінің командирі болып жеңістің жақындауына көп үлес қосты.1945 жылы 15 қарашада елге оралды. Оның ендігі мақсаты соғыстан кейін тұралап қалған елге көмек қолын созу болатын. Ол соғысқа дейін алып кеткен мамандығы ұстаздық қызметіне орналасты. Сол жылдардағы облыстық оқу бөлімінің басшысы И. Клевцур оған: “Красный Октябрь өз туған жерің, ол жерде мектеп жабылған, сіз сол жерге барып мектеп ашып, бала оқытыңыз “,- деп бұйырады. Қадыр Кәрімұлы ауылға келіп, барлық қиын жұмыстардың басы- қасында жүріп, жеті жылдық мектеп ашуға мұрындық болады. Мектеп ашып, балаларды оқытып, өзі ашқан мектебінен зейнеткерлікке шықты.Талай буын жас ұрпаққа білім берді. 2017 жылы жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша мектебімізге Ұлы Отан соғысының ардагері Қадыр Кәрімұлының есімі берілді. Мектебімізде ардагер қарт ұстазға арнап мұражай ашылды. Мен өзімді осындай ел қорғаған соғыс ардагерінің атындағы мектепте білім алып жатқандықтан, бақытты ұрпақпын деп есептеймін.
Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өттік. Әрине, кейінгі ұрпағына бақыт әперген ардагерлеріміздің ерен ерлігін еске алып, ерліктеріне бас иеміз.
“Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр”, – деп Мұқағали ақын жырлағандай қазіргі уақытта соғыс ардагерлері саусақпен санарлықтай. Ер есімін әрқашан есімізде ұстап,отанын қорғаған майдангерлердің, тылда жүріп еңбек еткен жұмысшылардың еңбектерінің жеңісі мәңгі өшпейтінінің куәгеріміз.Олардың рухы біздің тәуелсіз елімізге, рухани жаңғырған өмірімізге шуағын шашып тұра бермек.
Қостанай облысы
Қостанай ауданы
“Рыспай негізгі орта мектебі” КММ
Мұқаш Саяна Хамитқызы
“Соғыс – менің отбасымның тағдырында”
Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы – қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 80 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Алайда КСРО халықтары жеңіске жету үшін бар күштерін салды. Халқымыз үлкен қиындықтардан өтті. Соғыс 4 жылға созылып, Кеңес Одағында өмір сүрген әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жауға тойтарыс бере алды. Соғыс кезінде өз өмірін аямай, фашистерге қарсы соғысқан қазақтың батырлары өте көп болды.Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгер атамыздың бірі – Бауыржан Момышұлы еді.«Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- деген батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржан атамыздың еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын»,- дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiнде сақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар. Осы сияқты ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпағанымыз жөн, себебі тарихын ұмытқан халықтың болашағы жоқ деп бекер айтылмаса керек. Бұл соғыс менің де арғы атамның отбасына оңай тимегені анық. Осы соғысқа арғы атамыз қатысқан екен. Бір өкініштісі біз атамыздың сол соғысқа кеткеннен қайтпағанын естіп түңілеміз. Атамыздың соғысқа кеткені, әжемізге өте ауыр тиген екен. Әжеміз жалғыз қалып, балаларын жалғыз жеткізген екен. Оның өзі бір – еңбек. Өйткені, соғыс алаңында қаза тапқан атамыздың аманаттарын аяққа тұрғызды. Мен сол үшін де мақтан етемін. Арғы атамыз да, басқа да ардагерлер сияқты Отан үшін, біз үшін, бәріміздің бейбіт өмір сүруіміз үшін, мектепке баратын тыныш жол, менің достарым және жақындарымен араласудың қуанышы үшін күресті. Бірақ мен арғы атама және Отанымызды қорғаушыларға шексіз алғыс айтамын. Фашистермен шайқаста жанын аямағаны үшін оларға,рахмет! «Бәрі майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген өлмес сөзді қайталаған әйелдерге, қарттар мен балаларға, рахмет! Ұлы Отан соғысы әр қазақ отбасында өшпес ізін қалдырды. Ол туралы әңгімелер қазір, біздің бейбіт заманда өмір сүріп жатқан үлкендерден кішіге жетіп келеді. Бұл адамдардың қаһармандығы, жас ұрпаққа үлгі болады деп сенемін!
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор