Жаз — саяхаттауға арналған тамаша уақыт.
Оқушылар мен студенттердің көптен күткен демалысы басталады, ауа-райы керемет, ал картада әлі бармаған жерлер көп — отбасылық көлікте саяхаттауға себеп бар. Қазақстан — шулы қалалардан бастап табиғат аясындағы тыныш жерлерге дейін таңғажайып орындарға толы. Кез келген сапардың сенімді көмекшісі — 2GIS картасы, навигаторы және анықтамалығы.
2GIS көмегімен Қостанай мен облыста ғана емес, еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінде де саяхаттаған ыңғайлы. Қолданба елдің кез келген жеріне маршрут жасайды, жол жүру уақытын көрсетеді және бір жерде кептеліс немесе жөндеу болса, айналма жолды көрсетеді.
Тамақтану мен демалыс туралы алаңдамаңыз — навигатор сізге жолдағы тұрақтау орындарын ұсынады. Картада:
- Жанармай құю станциялары;
- Кафе;
- Дүкендер;
- Дәретханалар;
- Демалыс аймақтары белгіленген.
Мұның бәрі — бір қолданбада бар. Ондаған картаны жүктеп алудың немесе ақпаратты өз бетіңізше отырып іздеудің қажеті жоқ. Жай ғана 2GIS-ті ашып, баратын жеріңізді таңдаңыз — алға, жаңа сапарларға ұмтылыңыз.
Бейтаныс қалаға келдіңіз бе? Оны 2GIS-те жүктеп алыңыз — қолданба барлық көрікті жерлер, кафелер, саябақтар, қонақүйлерді және серуендеу орындарын көрсетеді. Жүктелген қала картасының көмегімен сіз 2GIS-те ұйымдар мен орындарды офлайн режимінде таба аласыз.
Егер сіз жаңа жерде тұрақты интернет бар екеніне сенімді болсаңыз, қала картасын жүктемей-ақ қойсаңыз болады, 2GIS онлайн жұмыс істейді. Өзіңіздің ыңғайыңызға қарай таңдаңыз.
Жолға жиналсаңыз — 2GIS жайлы саяхаттауға көмектеседі.