Қазіргі таңда халық үнін жоғары билікке жеткізу ел мүддесін көздеген халық қалаулысының негізгі міндеті. Олар тұрғындармен байланыс орнатып, жұртшылықтың талап-тілектерін тыңдап, шешімін шығаруда депутаттың алар орны ерекше. Бүгінгі күні олардың атқарып жатқан жұмыстары, көтеріп жүрген мәселелері мен алдағы жоспарлары ел игілігі үшін маңызды рөл атқарады.
Осындай ел сенімін арқалаған азаматтардың бірі-Ержан Үсенов. Халықтың қалауы бойынша №10 сайлау округіне қалалық мәслихат депутаты болып сайланған. Негізгі мамандығы-электрик. Қазіргі таңда «Релеқорғау және автоматика» ЖШС-нің директоры қызметін атқарады. Сонымен қатар, екі баланың қамқор әкесі, отбасына берік жан.
– Жалпы өмірімде билек өкілдерінен де, халықтан да түрлі әділетсіздікті жиі байқадым. Қоғамда шешімі ашық табылмай жатқан мәселелер өте көп. Сол кезде, «егер депутат болатын болсам, осы мәселелердің түйіндерін шешер едім» деген ой келетін. Содан кейін, халық қалаулысы болуды қаладым, әрекет істедім, нәтижесін шығардым. Біздің атқарып жатқан жұмысымызға ақы төленбейтінін ескертілсе де, ойымнан айныған жоқпын,-дейді депутат Ержан Бауыржанұлы.
Сайлауалды үгіт-насихат жүргізген кезде халыққа көп уәде бермегенін тілге тиек етті. Дегенмен де қандай да түйіткілді мәселелердің шешімі болса, қолынан келгенше тиісті шара қолданып, шешімін табатынын айтқан.
– Бұл сала мен үшін тансық емес. Дегенмен де өзімді сынағым келді. Сол уақытта көп нәрсені түсінбегеніме байланысты, айтарлықтай уәде берген жоқпын. Бірақ, халықтың көңілінен барынша шығатынымды атап өттім. Жарты жыл уақыт ішінде көптеген жұмыстар жүзеге асты. Мәселен, Строительная көшесіне асфальт төселіп, көшелерді жарықтандыру жүргізілуде, – дейді ол.
Депутат жұмысының маңызды бөлігінің бірі-халықпен байланыс орнату. Ержан Үсеновтың айтуынша, ол аптасына кемінде бір-екі рет тұрғындармен кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын тыңдайды. Әрбір шағымдарды мұқият тыңдап, олардың шешілуін тиісті органдарға жеткізуге тырысады.
– Тағы да біздің учаскедегі негізгі мәселенің бірі жауын суын ағызатын жүйенін (ливневка) орнатылуы. Бұл мәселе қазіргі таңда өз шешімін тапты. Жұмыс жартылай орындалып, әлі жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, тұрғындар екінші Қостанайда орналасқан қар шығаруға арналған полигонды ауыстыру мәселесін көтерген еді. Бұл сұрақ қазіргі таңда қаралып жатыр. Аталған мәселе туралы ЖКХ-дан полигонды ауыстыратындары туралы жауап алдым. Бұл біздің халықпен жеткен жеңісіміз,-деп толықтыра түсті халық қалаулысы.
Әр жұмыстың да қиындығы болады. Дегенмен де Ержан өзінің негізгі жұмысынан шаршаған кезде, халықпен кездесу жасап тынығатынын айтады. Сондай-ақ, халықтың сенімі маңызды екенін алға тартты.
– Бүгінгі күні халықтың көңілінен шықтым деп айта аламын. Себебі, осы уақытқа дейінгі айтылған мәселелерді шешіп, олардың орындалуын қадағалап отырмын. Десе де, кеше айтылған мәселе бүгін шешіліп қалмайды. Мен бір сұрақты шешу үшін арнайы мамандардан жауап күтемін. Сол себептен, бір ай немесе одан да көп уақытты талап етеді. Сонымен қатар, халық сенімінен айырылып қалуда қиын емес. Аяғынды шалыс басып, кішкентай ағаттық жасап қалсаң халық сенімінен айырылдың деген сөз. Сол себептен қазір өзіме сенім артып халық қалаулысы еткен жандардың үміттерін ақтауға барынша тырысып бағудамын, – дейді Ержан Үсенов.
Әлеуметтік желідегі пікірлерге қарасаң барлық тұрғын депутаттың жасап жатқан әрекеттеріне дән риза.
– Біздің мәселелерімізге көзжұмбай қарағаны үшін депутатымызға ерекше алғыс білдіреміз. Барлығымыз біріксек бізден бәрі шығады. Сізден көп үміт күтеміз. Сіз көрсетіп жатқан көмек үшін қатты қуаныштымыз. Ауырмаңыз, тек жетістіктер тілейміз, – дейді оқырман қауым.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суретті ұсынған кейіпкер