Самбо және дзюдодан еңбек сіңірген жаттықтырушы, қаланың Құрметті азаматы Жанәділ Атаевтың атымен аталған клубтың екінші филиалы КШТ ауданында жұмысын бастады деп хабарлайды YK-news.kz.
Шығыс Қазақстан облысындағы дзюдо федерациясының президенті Рустам Закарьяновтың айтуынша, спорт секциясының есіктері 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін ашық. Залды әрлеу Жапониядағы дзюдо мектебіне барғаннан кейінгі әсерлерге негізделген екен.
Жаттығулар ақылы негізде де, мемлекеттік бағдарламалар бойынша да өтеді.
— Біздің сыйымдылығы бойынша ең үлкен зал қазір Мыза көшесінде орналасқан, мұндай зал Шығыс Қазақстанда әлі жоқ, — деп қосты жаттықтырушы Владимир Москалев. — Бұл филиал кішірек, оның сыйымдылығы 400 адамға жуық. Онда әр жас санаты үшін штат бойынша алты жаттықтырушы болады. Мұнда оқушылар үшін бастапқы дайындық өтеді, ал ересектер үлкен залда жаттығуларын жалғастырады.
— Кезекті спорт залын ашу бастамасы менің ұлдарым Рүстем мен Русланға, «Aqtai» спорт клубының иелеріне тиесілі, — дейді «ШҚО дзюдо федерациясы» ҚБ президенті Рустам Закарьянов. — Келешекте тағы бір филиалдың ашылуы ШҚО дзюдо федерациясының тұңғыш президенті Марат Шагеевтің есімімен аталады. Ол кісі біздегі бұл спортты қайта жаңғыртқан адам. Өкінішке орай, ол 1999 жылы қайтыс болды және біз оны еске алу үшін турнир өткізіп тұрамыз. Бүгінгі таңда қолайлы ғимарат таңдап жатырмыз.
Ашылған дзюдо залы Сәтпаев даңғылы, 57/1 мекенжайында, бірінші қабатта орналасқан және барлық тілек білдірушілерді қабылдауға дайын.
Жанәділ Атаев — Өскемен қаласының Құрметті азаматы және самбо мен дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Оның басшылығымен 100-ге жуық спорт шеберлері тәрбиеленді. Ол облыс орталығында дзюдо және самбо жаттығуларының негізін қалаушы.
Елена Бредихина